Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Бүркіт пен Аиша елдегі оқиғалардан кейін шетелге бет бұрды

Отандық шоу-бизнестегі жарасымды жұлдызды жұптардың бірі Бүркіт пен Аиша бүгінде бала-шағасымен Таиландта демалып жатыр. Ерлі-зайыпты елдегі оқиғалардан кейін ыстық мекенге аттануды жөн көрген, деп жазады Paryz.kz, Nur.kz-ке сілтеме жасап. 

Бүркіт пен Аиша елдегі оқиғалардан кейін шетелге бет бұрды
Сурет: Nur.kz

Бүркіт пен Аишаның шетелде демалып жатқаны жайлы Instagram желісінен белгілі болды. Жұлдызды жұп өз парақшаларында Таиландтан түрлі фото мен видео жариялауда. Олар өз оқырмандарына демалысты қалай өткізіп жатқандарын көрсетіп, саяхаты кезіндегі қызықтарын бөліскен. Желі қолданушылары өнер иелеріне жақсы демалыс тілеп, олардың елге аман-есен оралуын айтты.

"Ел қызығар жарасымды жұп. Демалыстарыңыз жақсы өтсін", "Қандай рахат өмір. Бізге де бұйырсын", "Жылына неше рет шетелге шығасыздар? Қандай күшті", "Бақытты болыңыздар. Балаларыңызға әркез жаңа елді көрсетесіздер. Жарайсыздар", "Елге аман оралыңыздар", - деп жазуда көпшілік.