Imanbek Ресейде жылдың үздік музыканты атанды

Айта кетсек, теміржолда жұмыс істеген жас ди-джейдің танымалдығы 2019 жылдан бастау алады.

Imanbek Ресейде жылдың үздік музыканты атанды
фото: ашық дереккөз

Қазақстандық диджей Иманбек Зейкенов Ресейде жыл музыканты атанды, деп хабарлайды Paryz.kz.

"MTV Россия" телеарнасы биылғы жылды қорытындылап, үздік музыканттардың тізімін жасақтады. Оның ішінде отандық жас ди-джей Иманбек Зейкенов (Imanbek) те бар. MTV Россия таңдауына сай 2021 жылдың басты музыканттары: Мари Краймбери, Slava Marlow, Муся Тотибадзе, Jony, Imanbek, Мот, Zivert, Ваня Дмитриенко, Mary Gu, Анет Сай.

Айта кетсек, теміржолда жұмыс істеген жас ди-джейдің танымалдығы 2019 жылдан бастау алады. Ол Roses әніне (SAINt JHN) ремикс жазып, ол көпшіліктің көңілінен шықты. Сол шығармамен Grammy сыйлығын ұтып алды.

Бүгінде Imanbek әлемдік деңдейдегі танымал музыканттар Rita Ora, David Guetta, 50 Cent, LP, Cher Lloyd, Alan Walker, Dua Lipа және басқа жұлдыздармен ән жазып үлгерді.