Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

"Мен бабник емеспін..." - Азамат Сатыбалды

Азамат мырза тоқал алуға қарсы.

"Мен бабник емеспін..." - Азамат Сатыбалды
фото: ашық дереккөз

Азамат Сатыбалды әр басшының проблемасы әйелден болған дейді. Сондықтан жарын театрға араластырмауға тырысады. Актер басшылықтағы қағидалары мен отбасындағы рөлін айтты. Тоқал алу мәселесіне көзқарасын білдірді деп хабарлайды Stan.kz“Талқылайық” бағдарламасына сілтеме жасап. 

Азамат Сатыбалды театр басшысы қызметін 3 жылдан бері атқарып келеді. Актер әрбір басшының проблемасы әйелден болған дейді. Осыған байланысты театр өз әйелін жақын араластырғысы келмейді. 

Назгүл театрға келіп, билетін алып тек спектакьлді көреді. Басқа ешнәрсеге араласпайды. Басшылардың тарихын зерттесем, бәрінің проблемасы әйелден болған. Мен ешбір театр актрисасына әйел деп қарамаймын. Мен оларға жігіттік көзқараспен қарамаймын. Егер қараған болсам, бір актрисамен көңіл жарастырған болсам, ол белгісіз күйде қалмас еді. Мен атышулы адаммын. Менің әр ісім елгетез жария болады. Менің ондай атым шыққан жоқ. Мен жұмысыма, жарыма, отбасыма адалмын, – деді театр басшысы.

Актер жары Назгүл Қарабалинаны мықты актриса деп атады. Оның екі есе мықты актриса болуға мүмкіндігі болды деп санайды. 

Назгүл мықты актриса. Егер ол маған тұрмысқа шықпағанда мүмкін қазіргіден де жақсы актриса болар еді. Ол көп жағдайда маған жол береді, –деді ол. 

Азамат мырза тоқал алуға қарсы. Алайда тағдырға жазылған болса, одан қашып құтылудың жолы жоқ деп санайды. 

Менің тоқал алатын ойым жоқ. Аламын деп те, алмаймын деп айта алмаймын. Себебі, егер тағдырға жазылса, Назгүл қарсы болса да мен аламын. Себебі, бұйырған нәрсе болады. Мен театрға басшы болмаймын дейтінмін. Бірақ болдым. Алла қалай бұйырады, одан қаша алмаймыз, – деді актер. 

Азамат Сатыбалды әкесінің өзімен қоштасқан сәтін еске алды.

Әкем мені шақырып алды да әңгімесін айтты. Назгүл екеуміз отырғанбыз. “Мен сендерге ризамын. Екі дүниенің бақытын тілеймін” деді. “Мен өз ата-анамды өз қолыммен аттандырған адаммын. Сол кезде балаларыңнан қайтсын деп бата берген еді. Енді сол күнге жеттім” деді. Ол кезде әкемнің бізбен қоштасқанын білмедім. Мен көзіме жас алып, бетінен сүйдім. “Ол біздің міндетіміз, әке” деп бірауыз сөз айтпаппын. Соған өкінемін, – деді Сатыбалды. 

Актер өмірдегі барлық марапатын әкесіне арнайды.

Менің әрбір жеңісім әкемнің арқасында келді. Әкем мен үшін қазір де қуанып жүрген шығар. Анамды екі есе жақсы көріп кеттім. Әкем қайтқанда өлімнің бар екеніне шын көзім жеткендей болды. Басыма түскенде ғана ойланғандай болдым. Әкемнің орны ерекше, – деді ол.