Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

"ИК" түсірген "Отыздан асып барамын..." фильміне Мақпал Жүнісованың өкпесі қара қазандай (ВИДЕО)

"Біріншіден, мені ешкім киноға шақырған жоқ. Екіншіден, алдымнан ешкім өткен жоқ. Үшіншіден, мен әлі тірімін..."

"ИК" түсірген "Отыздан асып барамын..." фильміне Мақпал Жүнісованың өкпесі қара қазандай (ВИДЕО)
фото: ашық дереккөз

Мақпал Жүнісова өзінің Instagram-парақшасында "Ирина Кайратовна" тобы түсірген "Отыздан асып барамын..." YouTube-фильміне қатысты өкпесі қара қазандай екен деп хабарлайды Paryz.kz

Мен сіздердің алдарыңызға бірауыз сөзбен шыққым келіп отыр. "Отыздан асып барамын" деген бір кино шыққан екен. Ол туралы кеше ғана естідім, біреулер сілтемесін жіберді. «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына бір кино шығыпты, ішіндегі ойнап жүрген кісі сізге ұқсамайды, бірақ сіз деп береді» деді. Біріншіден, мені ешкім киноға шақырған жоқ. Екіншіден, алдымнан ешкім өткен жоқ. Үшіншіден, мен әлі тірімін. «Өмірдің көбі кетіп, азы қалды» деген әндегі менің дауысым. Менің дауысымды басқа біреуге айтқыздырып, мен жанды дауыста айтып тұрмын, ол фонограммамен айтып тұр. Ол да ұятсыз қыз екен, менің алдымнан өтпей ме? «Апам әлі тірі, неге өзі айтпайды» деп айтпай ма? Сондықтан соттасып жүретін уақытым жоқ. Бірақ ол кинода ойнаған мен емес. Не болса да бұлар менің жауларым деп ойлаймын. Мені жаман қылып көрсеткісі келген. Кім түсірсе де бұл дұрыс емес, мен әлі жер бетінде бармын. Сенбеңіздер, ол жерде мен емес. Мен олай ойнамаймын, - деді әнші.

Айта кетейік, бұл туынды бірнеше күн бұрын Қуаныш Бейсековтың режиссерлігімен Тәуелсіздік күніне орай түсіріліп, YouTube желісіне жүктелген еді.