"Әнін өзім жазғанмын": Танымал музыкант Қайрат Нұртасқа ренжіп жүр (ВИДЕО)

Айтуынша, Қайрат Нұртас жүрген жерінде әннің авторы ретінде өзін көрсетеді екен.

"Әнін өзім жазғанмын": Танымал музыкант Қайрат Нұртасқа ренжіп жүр (ВИДЕО)
фото: ашық дереккөз

Музыкант Ақсұңқар Қайрат Нұртастың репертуарындағы "Сені сүйем" әнінің шығуына үлес қосқанын айтады. Сөзіне қарағанда, ол әннің қайырмасын шығарған. Алайда Қайрат Нұртас оның есімін көпшіліктің алдында атамайды екен деп хабарлайды Paryz.kz.

Бұл ренішін Ақсұңқар НТК телеарнасының Taboo бағдарламасына берген сұхбатында айтқан екен. 

Әннің қайырмасын мен жаздым. Бірақ ол көп жерде айтылмайды. Осы нәрсеге өкпелеп қалдым. Қайрат аға екеуміз отырдық, қасымызда Олжас аға (авт. Ochooou) бар. Осы ән тура осылай шықты. Таксиде Аргоня келе жатқан. Дәл ән шыққанда, Қайрат аға екеуміз әнді айтып, видео түсірдік. Аргоняға "мәтін жаз" деп жіберді. Келгенше екі шумақ, бір қайырманың сөзін жазып тастаған. Соған риза болдым. Келгеннен кейін екеуіне де ұнап қалды, - деді Ақсұңқар.

Айтуынша, Қайрат Нұртас жүрген жерінде әннің авторы ретінде өзін көрсетеді екен. Өнерде сыйласып жүрген ағасы болғандықтан, Ақсұңқар бұған ештеңе дей алмағанын жеткізді. Алайда ол ең тәтті жерін мен шығардым ғой деген нәрсе ішімде қалып кетті дейді.

Айта алмайсың да оны, көңілін қимайсың. Қайрат аға жеке өзіміз отырғанда: "Бұл әнді Ақсұңқар бауырым екеуміз шығардық", - деп айтады. Ал басқа жерлерде "әнін өзім жазғанмын" дейді. Көремін де, мақұл деп ренжімеймін. Өзім жақсы көретін ағам, - дейді Ақсұңқар.