Димаш Құдайберген өз өнерімен Қытай көрермендерін тағы да дүр сілкіндірді (ВИДЕО)

Димаш Қытайдағы Shine! Super Brothers шоуына қатысып жатыр.

Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген қытайлық Shine! Super Brothers телешоуында өнер көрсетті деп хабарлайды Paryz.kzStan.kz-ке сілтеме жасап. 

Әншінің видеосы Youtube желісінде жарияланды.

Stranger деп аталатын ән тыңдармандарды қатты қуантты - көрермендер Димаштың өз дауысын қаншалықты шебер меңгергенін бағалады.

Димаш Қытайдағы Shine! Super Brothers шоуына қатысып жатыр. Жобаға қатысушылар бір-бірімен танысып, музыкалық жетістіктері, сахнада қанша жыл өнер көрсетіп жүргендері туралы әңгімелейді, содан кейін танымал шығармаларды орындайды.

Бір қызығы, мұндағы қарсыластар жарыспай, бір-біріне қолдау көрсетеді.

Айта кетейік, Игорь Крутойдың Димашқа арнап жазған Stranger әнін қазақстандық әнші алғаш рет тамыз айында "Жаңа толқында" ұсынған болатын. Онда ән әуені басқаша еді.

Димаш Қазақстан атынан қатысқан жалғыз қатысушы. Ол әріптестеріне бес жасынан бастап сахнада жүргенін айтып, Қытай шоу-бизнесіндегі өзіне не әсер еткені туралы пікірімен бөлісті.

Бұған дейін қазақстандық орындаушы "әлемдік шоу-бизнестегі жұмысын жалғастыру үшін" Қытайға оралуға ниетті екенін мәлімдеген. Әнші екі жылдан кейін Қытай сахнасына қайта оралғанына қуанышты екенін мойындады. Димаштың айтуынша, оған Қытайда да, басқа елдерде де фильмдерге түсуге көптеген ұсыныс түседі.