Актриса Аружан Жазылбекованың сүйіктісімен түскен суреттері тарап кетті

Актриса 2013 жылы қазақстандық режиссер Ахат Ыбраевпен отбасын құрған.

Актриса Аружан Жазылбекованың сүйіктісімен түскен суреттері тарап кетті
фото: ашық дереккөз

Белгілі актриса Аружан Жазылбекова "Барыс" хоккей клубының бұрынғы бас менеджері Ержан Алдабергеновпен кездеседі деп хабарлайды Paryz.kzsputnik.kz-ке сілтеме жасап. 

Ақан Сатаевтың "Анаға апарар жол", ресейлік "Адаптация" (ТНТ телеарнасы) және "Алтын Орда" сериалдарының жұлдызы ұзақ уақыт бойы жеке өміріне қатысты ақпарат бермеді. 

Актриса 2013 жылы қазақстандық режиссер Ахат Ыбраевпен отбасын құрған. Жұп бес жылдан соң ажырасты. Олар жанжалдаспай, қоғам назарын аудармай, осындай шешім қабылдаған. 

Әлеуметтік желіде актрисаның "Барыс" хоккей клубының бұрынғы бас менеджері, қазіргі уақытта "Замандас" подкасты жүргізушілерінің бірі Ержан Алдабергеновпен түскен суреттері тарай бастады.

Аружан сүйіктісінен бес жасқа үлкен. Актриса әлі де өзінің парақшасында бірге түскен фото жариялаған жоқ.