Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

"Намыс деген болуы керек қой": Алтынай Жорабаева Сәбит Әбдіхалықовтың әйелінің бетінен сүйді (ВИДЕО)

Өнер иелері 45 жасқа толған Мейрамбек Бесбаевтың туған күн кешіне жиналған екен.

"Намыс деген болуы керек қой": Алтынай Жорабаева Сәбит Әбдіхалықовтың әйелінің бетінен сүйді (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Айгүл Иманбаева Сәбит Әбдіхалықовтың үшінші әйелін көпшілікке таныстырып, бетінен сүйіп алды. Әлеуметтік желі қолданушылары бұған қатысты түрлі пікір жазып жатыр деп хабарлайды Paryz.kz

Өнер иелері 45 жасқа толған Мейрамбек Бесбаевтың туған күн кешіне жиналған екен. Мерекелік кеште Айгүл Иманбаева мен Сәбит Әбдіхалықов қонақ болды. 

Айгүл Иманбаева Сәбит Әбдіхалықовтың үшінші әйелі Динара Абдуллинамен бірге видеоға түсіп, оны көпшілікке таныстырды. 

Бұл - Динара Абдуллина, Хақназардың анасы. Көргенімен қуаныштымын, – деді Иманбаева. 

Желі қолданушылары әдеттегідей екі жаққа бөлініп алып, пікір жаудырып жатыр. 

“Айгүл Иманбаева күйеуінің әйелдеріме жақсы араласып үйренген ғой”, “Тым асыра жағымпаздықтың не керегі бар?”, “Мықты әйел, ешқандай арам ойы жоқ”, “Келіншегі сұлу екен”, “Мен олай ете алмас едім”, “Иманбаева кейде шоу ойнайды”, “Намыс деген болу керек қой”, “Намыстанатындай күйеуін кеше тартып алған жоқ қой, Айгүл ханымға бұрынғы күйеуінің өмірі қызық та емес”, – деп жазды олар.