Өздеріне үйреншікті болғанымен, оқырмандары бұл қылықтарын жаратпай қалды.
Апалы-сіңлілі әншілер Кәмшат пен Алтынай Жолдыбаевалар бүгінде Тайландта демалып жүр деп жазады Paryz.kz.
Көңілді өткізіп жатқан демалыстың әр күнін қалт жібермей, Instagram-ға фото-видео жүктеп жүрген олар бір-бірінен қалыспай, жарыса шешінді.
Өздеріне үйреншікті болғанымен, оқырмандары бұл қылықтарын жаратпай қалды.
"Апалы-сіңлілі жарысып шешінді. Ұят деген қайда қалды?", "Ұят қалмаған сияқты ғой", "Айналайын киініп жүріңдерші. Мына тірліктерің болмайтын нәрсе", "Алтынай екеуің де қайтпайды екенсіңдер. Тән қасиет қалмаса кімдер үйленеді, жастарың болса 40-қа келді, үйленіп бала табу керек, тәніңмен әлемді жаулай алмайсың. Бәрі уақытша", "Сөзім жоқ. Енді несімен таңғалдырады екен?" - деп жазды желідегілер.