Жапония радиоларында Димаштың «Fly Away» әні шырқалады

Былтыр 18 маусым күні Димаштың ең танымал әндерінің бірі «Screaming» алғаш рет жапон радиостансасында орындалған болатын.

Жапония радиоларында Димаштың «Fly Away» әні шырқалады
фото: ашық дереккөз

4 қараша күні Димаш Құдайбергеннің «Fly Away» атты жаңа әні FM Kiryu жапон радиостансасының эфирінде шырқалады деп хабарлайды Paryz.kz, Dimashnews сайтына сілтеме жасап.

Былтыр 18 маусым күні Димаштың ең танымал әндерінің бірі «Screaming» алғаш рет жапон радиостансасында орындалған болатын. Сол кезде әншінің дауысын тыңдаған радио жүргізушілері қатты таңғалып еді. Осыдан кейін Димаштың фанаттары да әншінің басқа әндерін сұрай бастаған.

Жаңа эфирде радио жүргізушілер әншінің «Fly Away», «Дайдидау» және «Golden» атты үш композициясын ротациялауды жоспарлап отыр.