Димаш Құдайберген Billboard чартының үздік жиырмалығына кірді (ВИДЕО)

Жанкүйерлер өздерінің сүйікті әншісін құттықтап, оның бұдан да жоғары жетістіктерге жететінін жарыса жазып жатыр.

Димаш Құдайберген Billboard "Hot Trending Songs" ТОП-20 чартына енді. Бұл туралы дарынды әншінің әкесі Қанат Айтбаев өзінің Instagram парақшасында жазды деп хабарлайды Paryz.kz.

7 күннің қорытындысы бойынша музыкалық хит-шеруді Butter атты композициямен корейлік BTS тобы бастап тұр. Димаш Құдайберген Fly away әнімен чарттың 19-сатысында орналасқан.

Әлемнің DEARS-ы шексіз махаббатарыңызға, қолдауларыңызға, ерінбей берген дауыстарыңызға көп рақмет, - деді Қанат Айтбаев.

Жанкүйерлер өздерінің сүйікті әншісін құттықтап, оның бұдан да жоғары жетістіктерге жететінін жарыса жазып жатыр.

"Димаш әрқашан бірінші. Солай болуы керек", "Димаш - ең үздік әнші", "Ол жоғарғы орындарға лайықты", "Бұдан биіктерді бағындырады деп сенеміз", "Димашты әрдайым қолдаймыз", "Димаш бұндай дауысымен әлемдік чарттарда жүруі керек", - деді олар.

Еске сала кетейік, Димаш Құдайберген Сочиде өткен "Жаңа толқын 2021" фестивалінде Fly away әнін орындады.