Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

"Арзан әнші сияқты": Мәдина Сәдуақасова тағы да сынның астында қалды

Өзі сұранып тұрған соң оқырмандары да қарап тұрсын ба, оны әбден жерден алып, жерге салды.

"Арзан әнші сияқты": Мәдина Сәдуақасова тағы да сынның астында қалды
фото: дереккөз

Мәдина Сәдуақасова, басқасын қайдам, әйтеуір соңғы уақытта өз оқырмандарынан оңбай сөз еститін болды. Әнші жаңа образын көрсетемін деп, сынның астында қалды деп жазады Paryz.kz.  

Ол стилист Жанайдар Жеңісбековтің таңдауымен киген киімін көрсеткен. Сірә, өзі де сөз естуге әбден үйреніп қалса керек, желідегі парақшасына былай деп жазып қойыпты: 

Қайтадан сынға ұшырайын деп тұрмын ау, қайтейін.

Өзі сұранып тұрған соң оқырмандары да қарап тұрсын ба, оны әбден жерден алып, жерге салды.

Оқи отырыңыз: "Жүнін жұлған тауық құсап": Мәдина Сәдуақасованың жаңа образы көпшілікке ұнамай қалды (ВИДЕО)

"Қазақтың Ким Кардашьяны", "Әрине сынайды, соны біле тұра жасап тұрсың. Аяғыңды соншама көтеріп, ресторанда жұмыс істейтін "арзан" әнші сияқты", "50-ге қараған шағыңызда, етек-жеңіңізді жинайтын уақытта сексуалды киім киіп, фотоға түскеніңіз әбестік деп ойлаймын, сіз құрбыңыз Қарақат ханымнан үлгі алсаңыз! Қатты айтсам ғафу етерсіз, просто біздің қазақи менталитетімізге сай емес, Еуропаға еліктемеңіздерші", "1 фото ұяттау, басқасы норма", "Күйеуіне Құдай сабыр берсін осыны көріп отырған", "Не тұрыс?", "Жабық киім, бірақ жарасып тұрған жоқ", - деп жазды оқырмандар.