"Қабатов - феномен, миллионнан бір адам": Әріптесі әзілкеш туралы көпшік қоя сөйледі

Ол әңгіме барысында қазақ әзілдері, КВН, ТНТ арнасындағы "ИГРА" шоуы туралы, "Жайдарман" мен өзі алып жүрген шоулар туралы айтты.

"Қабатов - феномен, миллионнан бір адам": Әріптесі әзілкеш туралы көпшік қоя сөйледі
фото: ашық дереккөз

Әзілкеш Еркебұлан Мырзабек Tengrinews.kz-тің BizbenPodcast жобасының қонағы болды деп хабарлайды Paryz.kz.

Ол әңгіме барысында қазақ әзілдері, КВН, ТНТ арнасындағы "ИГРА" шоуы туралы, "Жайдарман" мен өзі алып жүрген шоулар туралы айтты.

Сонымен қатар ол әзілкеш Тұрсынбек Қабатов туралы да пікір білдірді. 

Тұрсынбек ағамен концерттерде кездесіп қаламыз. Сөздің шыны керек, қолына микрафон берсең, жарады. Ол кісіде акцентпен сөйлеймін-ау деген жоқ. Қайдан тауып алатынын білмеймін, мықты-мықты монологтар айтады. Бәрі тамсанып тыңдайды. Тұрсынбек - феномен кісі, миллионнан бір адам. Қазақша стенд-аптың үлгісі", - деді ол.