Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

"Аллаға деген махаббатым артып келеді": Нұртас Адамбай дінге бет бұрғанын айтты

Продюсердің айтуынша, Аллаға деген махаббат, оның көңілін қалдырудан қорқу, шын ниетпен оның разылығын алуға тырысу ғана адамды керексіз дүниелерден алшақтатады. 

"Аллаға деген махаббатым артып келеді": Нұртас Адамбай дінге бет бұрғанын айтты
фото: ашық дереккөз

Өмірді жақсы жаққа өзгертуге көмектесуге уәде берген көптеген психолог, жаттықтырушылар, мотиваторлар және басқа да тұлғалар адамдарға "ең алдымен өзіңді жақсы көруді үйрену керек"деп үйретеді. Бірақ бұған актер қарсы екен. Ол, ең алдымен, Алланы жақсы көру керектігін, сол арқылы көптеген проблемадан арылуға болатынын айтты. Сондай-ақ ол дінге бет бұрып, темекі тартуды тастағанын мәлімдеді деп жазады Paryz.kz

Адамбайдың айтуынша, бірінші кезекте өзіңді емес, Жаратқанды сүю керек. Оған деген риясыз, таза махаббат сізді көптеген қауіпті, зиянды дүниеден сақтайды.

Мысалы, адам бірінші кезекті өзін жақсы көрсе, соны жамылып, ішімдік пен темекіге әуестеніп, нәпсіқұмарлық пен дүниеқоңыздыққа бой алдыруы мүмкін. 
"Мен өзімді жақсы көремін ғой. Неге мен өзімді шектеуім керек?" деп ойлайды. Ал бірақ бұл өзіңді құрдымға кетірумен тең. Бізге зияндының бәрі ақырындап бізді өлтіреді, - дейді Адамбай. 

Продюсердің айтуынша, Аллаға деген махаббат, оның көңілін қалдырудан қорқу, шын ниетпен оның разылығын алуға тырысу ғана адамды керексіз дүниелерден алшақтатады. 

Бұл ретте Адамбай жеке тәжірибесімен бөлісіп, барлық зиянды әдеттерден арылғанын жеткізді. Актер дінге бет бұрып, ішімдік пен шылым шегуді қойып кеткен. 

Темекі шеккім келген сайын, Алла үшін мұны жасамаймын дедім. Әр темекіден бас тартқан сайын Оның бұйрықтарына құрметпен қарап, соның арқасында иманым мен Оған деген махаббатым артып келетінін түсіндім, - дейді Нұртас Адамбай.