Атышулы Айжан Байзақова "ер азаматын" таныстырды (ФОТО, ВИДЕО)

Блогер арудың сөзінше, бұл көлікті оның ұлы қатты қалапты.

Атышулы Айжан Байзақова өзіне аса қымбат тұратын Mercedes-Benz көлігін сатып алды. Желі жұлдызы жаңа көлігімен түскен фотосы мен видеосын Instagram парақшасына жүктеген деп жазады Paryz.kz

Блогер арудың сөзінше, бұл көлікті оның ұлы қатты қалапты.

Өзіме сыйлық жасадым. Оны ұзақ уақыт бойы армандап жүр едім. Біз бәрін өзі істей алатын әйелдер буынымыз. Менің жаңа ер азаматым қалай? Құттықтауларыңызды қабылдаймын. Көрімдіктерді де, - деп жазды Байзақова.

Желі жұлдызының қуанышына орай оның ет-жақындары жиналған. Олардың арасында Айжанның анасы, інісі және Madlen атты танымал блогер де болды. Айжан Байзақова өзін құттықтап жатқан жандарға және бұл көлікті алуына елеулі үлесін қосқан отбасына өз алғысын білдірді.

Бұл қуанышымды менімен бірге бөліскендеріңіз үшін рахмет. Біреу үшін қуана білетін жан өзі екі есе бақытты болады. Бұл қадамға баруыма түрткі болған анама алғысым шексіз. Ер адамдар айналысатын мәселелерді таңнан кешке дейін шешіп жүрген ініме рахмет. Маған қолдау мен сенім білдірген достарыма рахмет. Бес жыл бойы менімен бірге болған оқырмандарыма рахмет. Мен арманымның орындалғанына әлі де сенбей тұрмын. Қазір түсімнен оянып кететіндеймін, - деп жазды блогер.