Димаш Құдайберген – Азиядағы ең сымбатты жігіт

Ол осы сында 9,3 млн-нан астам дауыс жинап, 1-орынды жеңіп алды.

Димаш Құдайберген  –  Азиядағы ең сымбатты жігіт
фото: ашық дереккөз

Қазақстанның жарық жұлдызы Димаш Құдайберген Азиядағы ең әдемі жігіт деп танылды деп хабарлайды Paryz.kz.

Кingchoice.me сайтында өткен «Азияның ең тартымды 100 адамы» (the 100 most attractive Asian celebs 2021) бойынша онлайн дауыс беру 30 қыркүйекте аяқталды. Димаш Құдайберген осы сында 9,3 млн-нан астам дауыс жинап, 1-орынды жеңіп алды.

2-орынды Оңтүстік Корея өкілі Ким Сокджин (BTS тобының солисі, екінші орын - 8,1 млн-нан астам дауыс)) иеленсе, Чха Юн У (Бойбенд Astro қатысушысы- 1,9 млн астам дауыс) 3-орынға тұрақтаған.