Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

"Шөлдеп қалыпты ғой": Жас актермен сүйіскен Жолдыбаева елден оңбай сөз естіді (ВИДЕО)

Кәмшат Жолдыбаеваның ашық сахнасы Instagram желісіндегі парақшаларға тарап кеткен.

"Шөлдеп қалыпты ғой": Жас актермен сүйіскен Жолдыбаева елден оңбай сөз естіді (ВИДЕО)
фото: ашық дереккөз

Әлеуметтік желіде Кәмшат Жолдыбаеваның Ғазрет Қажымұқанұлымен сүйісіп жатқан видеосы тарап, елдің қызу талқысына түсті. Бұл жағдай отандық «Рауза» атты телехикаяның түсірілімі барысында болған екен деп жазады Paryz.kz.

Кәмшат Жолдыбаеваның ашық сахнасы Instagram желісіндегі парақшаларға тарап кеткен. Бейнежазбада қос актердің өзара жұлысып, артынан сүйісіп кеткені көрінеді. Желі қолданушылары бұл видеоға қатысты өз ойларын жарыса жазып жатыр. Олардың басым көпшілігі бұл сахнаны тым ерсі деп санады. Оқырмандар Кәмшатты сынап тастады.

"Мұндай ұятсыз сахналарсыз да халықты жаулауға болады ғой", "Ұят жағдай, қазақ киносы да мұндай нәрселерді көрсететін болған ба", "Біздің менталитетке жат қой. Осы актрисаның ата-анасы бар ма", "Ал не шықты? Өте ұят, бауырлары, ағалары бар шығар, шетелге еліктеудің қажеті не? біздің өз менталитетіміз бар, оны құрметтей білу керек. Осының бәрі қыз баланың тыйым көрмегенінің кесірі", "Кәмшат шөлдеп қалыпты ғой", "Ақша үшін не істемейді", "Ұят жағдай", "Кәмшат тағы қандай қылық көрсетер екен енді", – деп жазып жатыр оқырмандары.