"Анау AZ құртты-ау сені": Желідегілер Ерке Есмаханды сынап тастады (ВИДЕО)

Есмаханды нәзік қалыпта, ұзын көйлек, биік өкшелі аяқ киіммен көріп үйренгендерін ортаға салып жатыр. 

"Анау AZ құртты-ау сені": Желідегілер Ерке Есмаханды сынап тастады (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Ерке Есмахан жаңа стильде киінген суретін жариялағаны сол-ақ екен, желідегілер қызу талқылай жөнелді деп жазады Paryz.kz

Олар Еркенің соңғы кездері өзгеріп бара жатқанын жазуда. Есмаханды нәзік қалыпта, ұзын көйлек, биік өкшелі аяқ киіммен көріп үйренгендерін ортаға салып жатыр. 

"AZ-мен бірге Еркези болыпсыз ғой", "Дым жараспайды", "Онша емес", "Баяғы образдарың дұрыс еді, анау AZ құртты-ау сені, киімдеріңді таңдап беріп", "Ана жігітпен жүргелі біртүрлі киінетін болдың ғой", - деп пікір білдірді оқырмандар. 

Дегенмен Еркенің жаңа образын ұнатып, жылы пікір жазып жатқандар да жоқ емес.