Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Индира Расылхан жалғыз ұлын келінімен бірге бөлек шығаруға дайындалып жүр (ВИДЕО)

"Себебі, отбасылық жауапкершілікті сезінуі үшін келін екеуін қазірден бастап бөлек шығаруға өзімді дайындап жатырмын..."

Индира Расылхан жалғыз ұлын келінімен бірге бөлек шығаруға дайындалып жүр (ВИДЕО)
фото: ашық дереккөз

Әнші Индира Расылхан ұлы Асланның он бес жасқа толуына орай Instagram-парақшасында жазба арнады. Өз жазбасында ол ұлын тәрбиелеудегі ұстанымы туралы айтқан деп жазады Paryz.kz

Асланға мына жерде 8 жас. Кеше ғана балалығымен бізді күлдіріп, сан түрлі жауаптармен таңқалдырған ұлымыз үлкен жігіт болды. Ұлымыз бүгін 15 жасқа толды. Алланың қалауымен ұлымды дүниеге әкелгенде, ең бірінші кеудеме жатқызғанда, қуаныштан жылағаным есімде түсіп отыр. Балалығын артқа тастап, бозбала шағына қадам жасап, өмірге деген құштарлығымен, ата-аналық махаббатты бойына сіңіріп келеді. Менің жүрегім ғой. Үш қыздың ішінде жалғыз ұл бола тұра, бәріне қамқорлығын көрсететінін қазірден бастап сезінеді. Жігіттік мінезі бар азамат болып келеді. Қалай мақтасам да тілім жалықпайды, ауызым шаршамайды-ау! Биязы мінезі, ақкөңіл пейілі, жұмсақ жүрегіне Алла екі дүние бақытын берсін деп тіледім. Мен ұлыма сенемін! Бір ұл деп кейін қолымда ұстап отырмаймын. Себебі, отбасылық жауапкершілікті сезінуі үшін келін екеуін қазірден бастап бөлек шығаруға өзімді дайындап жатырмын, - деген ол оқырмандарына ой тастап қойды.

Әншінің оқырмандары да жазбаға қатысты өз пікірлерін жазып жатыр.

Менің бір ғана ұлым бар. Үйленген соң бөлек шықты. Былтыр мен ауырып қалдым. Содан балам да, келін де "Мама, сіз бізбен тұрасыз" деп айтты. Қазір бірге тұрамыз. Мен ризамын", "Жалғыз баламды 7 жыл бірге тұрып, бөлек шығардым. Қатысып тұрамыз, өте жақсы", "Иә, келісемін. Менің де бір ұл, екі ұызым бар. Аллаға шүкір, келін мен балам бізбен төрт жыл бірге тұрып, өз алдына бөлек шығардық. Қазір бөлек кеткенімен, үнемі біргеміз үйіміз ғана бөлек. Енді олар бізге қамқор, қайта жеке тұрса өздері өмірге қалыптасып, алға қарай ұмтылады. Әйтпесе бірге тұра берсеңіз, бәрі дайын, ешқандай ұмтылыс та болмас еді, - деп тәжірибелерімен бөлісті олар.