Imanbek GQ Russia премиясын жеңіп алды

2016 жылы бұл номинацияны тағы бір жерлесіміз Әділ Жәлелов (Скриптонит) жеңген болатын.

Imanbek GQ Russia премиясын жеңіп алды
фото: ашық дереккөз

Қазақстандық DJ Иманбек GQ Russia журналының жыл сайынғы сыйлығының «Жыл жаңалығы» номинациясын жеңіп алды деп хабарлайды Paryz.kz

Иманбекпен бірге марапатқа актерлер Федор Федотов пен Владимир Онохов, Soda Luv музыканты, режиссер Евгений Сангаджиев үміткер болды.

Grammy сыйлығы, аудиоплатформалардағы миллиардтаған тыңдау және әлемдік музыкалық компаниялар мен лейблдармен келісімшарттар. Биылғы жыл барлық жерде SAINt JHN рэпері шығарған Roses трегінің ремиксін жасаған қазақстандық жас диджей және продюсер Иманбек Зейкенов үшін бұл тек бастамасы ғана екеніне сенімдіміз, – деп жазды басылым.

2016 жылы бұл номинацияны тағы бір жерлесіміз Әділ Жәлелов (Скриптонит) жеңген болатын.