Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

"Не честно!": Актриса Айнұр Ілиясова келіндеріне күн көрсетпейтін енелерге шүйлікті

"Отырса опақ, тұрса - сопақ деп күні бойы мені аңдиды. Кастрюлді 1 минутка столешницаға қойсам да, "Мынаны неге мына жерге қойдың" деп бас салады. Сол бітпейтін бытавуха баяғы..." 

"Не честно!": Актриса Айнұр Ілиясова келіндеріне күн көрсетпейтін енелерге шүйлікті
фото: ашық дереккөз

Актриса Айнұр Ілиясова ене мен келін тақырыбын қозғады. Кино жұлдыз енесінің кесірінен, күйеуімен айырылысқан құрбысының хикаясын баяндады. Ол екі жастың арасына түсіп, талай отбасының бұзылуына себеп болып жүрген енелерге назын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz.

Кеше құрбым звандап жылап тұр. Күйеуім менімен айырылысқалы жатыр.. Иә, бұл эпопея басталғалы қашан?! Ал оның басты "кейіпкері" - ене.

"Две хозяйки на одной кухне" - деген тақырып қой. Осыған дейін үндемедім, күйеуім үшін шыдадым. Маған күн көрсетпейді. Отырса опақ, тұрса - сопақ деп күні бойы мені аңдиды. Кастрюлді 1 минутка столешницаға қойсам да, "Мынаны неге мына жерге қойдың" деп бас салады. Сол бітпейтін бытавуха баяғы. 

Күйеүім ештеңе дей алмайды. Кетейік десем, кете алмаймын, анамды қалай тастап кетем, дейді. Енем ақыры күнде жанжал шығара бастады. Оның мақсаты мені үйден кетіру. Күнде мені жамандайды. Күйеуім маған айғайлайтынды шығарды (автордың стилі мен орфографиясы сақталған", - деп жазды Айнұр Instagram-дағы парақшасында.

Айтуынша, осы жағдайдың салдарынан құрбысы ақыры күйеуімен ажырасып тынған. Оған жаны ашып, жүрегі ауырған актриса "айдаһар" енелерге назын айтты. 

Уфффф құрметті енелер қауымы! Өгізге туған күн бұзауға да туады деп бастарыңыздан өткен нәрсені келінге көрсету "не честно" деп ойлаймын.
Бұл замкнутый круг-тан шығу керек сияқты. Ал бұл тек өз қолымызда. Меніңше, ер жеткен балалар өз күнін өзі көруі керек. 

Өкініштісі, біздерде жеке шекара деген нәрсе жоқ қой, - деп түйіндеді ол сөзін.