ОСК Мәжіліс сайлауының түпкілікті қорытындысын жариялады

Орталық сайлау комиссиясында 2023 жылғы 19 наурызда өткен Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауының қорытындыларын белгілеуге арналған отырыс өтіп жатыр, - деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі.

ОСК Мәжіліс сайлауының түпкілікті қорытындысын жариялады
© Sputnik / Владислав Воднев

Орталық сайлау комиссиясы мәліметінше, "Байтақ" партиясы бес пайыздық межеден өте алмауына байланысты мандат бөлуге қатыспайды.

ОСК мәліметі бойынша, дауыс беру нәтижелері мынадай:

Amanat партиясы – 40 мандат;
"Ауыл" Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 8 мандат;
Respublica партиясы – 6 мандат;
Қазақстан халық партиясы – 5 мандат;
Қазақстанның "Ақ жол" Демократиялық партиясы – 6 мандат;
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – 4 мандат.