Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Ұлттық мұрағат қызметкерлеріне «Amanat» партиясының сайлауалды бағдарламасы таныстырылды

Астанада «AMANAT»-тың партиялық тізімі бойынша қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Кендебай Адамбеков Ұлттық мұрағат қызметкерлерімен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі. 

Ұлттық мұрағат қызметкерлеріне «Amanat» партиясының сайлауалды бағдарламасы таныстырылды
фото: AMANAT партиясынан

«Азаматтардың елордада жайлы тұруының негізгі аспектілерінің бірі олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

Бұл үшін партия қаланың барлық әлеуметтік нысанын бейнебақылау камераларымен жабдықтауды жоспарлап отыр.  Халық тарапынан құқық қорғау органдарына деген сенімді арттыруға бағытталған жергілікті полиция институтын одан әрі дамытады. 2027 жылға дейін қылмыс деңгейін 10 мың халыққа 207 қылмысқа дейін төмендету көзделген.

«AMANAT» – сайлаушылар аманатын орындайтын, халық дауысын еститін партия. Сондықтан баршаңызды сайлауда белсенділік танытып, партиямызға дауыс беруге шақырамын!»,  – деді Кендебай Адамбеков. 

Кендебай Адамбеков еңбек адамдарына лайықты еңбекақы төленумен бірге олар үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын да жасау өте маңызды шарт болып табылады деді.

«Өйткені, адамның өмірі мен денсаулығынан артық ештеңе жоқ. Партияның «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасында азық-түлік, киім-кешек, баспана, білім мен медицина сияқты күнделікті қажеттіліктің қолжетімді бағада болуын қамтамасыз ету, жұмысшылар жұмыс орнындағы жеке қауіпсіздігін, құқықтары мен денсаулығын қорғау мәселесі қамтылған», – деді К.Адамбеков.

Шарада кандидат сайлаушылардың әрбір мәселесін назарға алып, алдағы сайлауға қатысуға шақырды.

Астана қаласы мәслихатының депутаттарын сайлауда партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.