Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2022 жылғы 20 қараша сағат 12.05-тегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 38,55 пайызы бюллетень алды.
Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі хабарлайды.
«Қазақстан бойынша сағат 12.00-дегі жағдай бойынша президент сайлауына 4 606 596 адам немесе сайлаушылардың 38,55 пайызы қатысты», – деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов.