07.09.2022, 14:48

Елбасы мен Дариға Назарбаева сайлауға қатыса алады – ОСК

Фото: ашық дереккөзі

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов Мәжілістің жалпы отырысының кулуарында айтты, деп хабарлады paryz.kz ақпараттық агенттігі. 

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен оның туған қызы, бұрынғы мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева сайлауға қатысы алатынын айтты.

«Әрине, ол (Дариға Назарбаева Президент сайлауына – автор) қатысуы мүмкін. Нұрсұлтан Назарбаев та қатысуы ықтимал. Президенттікке үміткерге қойылатын талаптарға сай келетін кез келген адам өз кандидатурасын ұсына алады», - деді Шавкат Өтемісов.