Назарбаев сайлауға қатыса алмайды – Әділет министрлігі

Конституцияға енгізілген өзгерістерге сәйкес, Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев сайлауға қатыса алмайды. 

Назарбаев сайлауға қатыса алмайды – Әділет министрлігі
Фото: ашық дереккөзі

Бұл туралы бүгін Әділет вице-министрі Алма Мұқанова айтты, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі Halyq Uni сайтына сілтеме жасап. 

Республикалық референдумда қабылданған түзетулерге сәйкес, бұл норма Конституциядан алынып тасталды. Онда тұңғыш президентке екі реттен артық сайлауға қатысу туралы норма қолданылмайтын. Бұл норма алынып тасталды, - деп қайталады министрдің орынбасары.

Осыған байланысты журналистер Алма Мұқановадан «Демек, кезектен тыс өтетін президент сайлауына Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатыса алмайды ғой?» деп сұрады.

Иә, тиісті норма Конституциядан алынып тасталды, - деді вице-министр.

Айта кетейік, кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс президент сайлауын өткізуді ұсынған еді.