Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

«Ақ жол» партиясының референдум жөнінде мәлімдемесі

Республика Конституциясына өзгертулер енгізу бойынша өткен референдум ашық әрі демократиялық үрдістердің сақталуымен өтті. Республика Конституциясына өзгертулер енгізу бойынша өткен референдум ашық әрі демократиялық үрдістердің сақталуымен өтті. Сайлаушылардың келуі, дауыс беру нәтижесі секілді азаматтардың нақты таңдау құқығын, соның ішінде, өзге пікірде қалу құқығын көрсетіп берді.

«Ақ жол» партиясының референдум жөнінде мәлімдемесі

«Ақ жол» демократиялық партиясы бұл құқықты демократияның басты талабы деп санайды. Қоғам сенімін тек адалдықпен, ең бастысы – қарсыластарға деген әділдікпен иемденуге болады.

Бұған дейін жүргізілген конституциялық реформа талқылаулары қоғамымыздағы қоғамдық-саяси көзқарастардың кең ауқымын көрсетіп, референдум қорытындысы бұл пікір алуандығын әділ тіркеді.

Сонымен қатар, референдум өзара сыйластық пен саяси пікірталаста сабырлықты сақтай отырып азаматтарымыздың өзге пікірлермен санасуы секілді қоғамның жаңа саяси мәдениетін айқындап берді.

Референдум барысында учаскілерді бақылаған «Ақ жол» демпартиясының өкілдері сайлау заңнамасының қатаң бұзылуын тіркемеді. Тек дауыс беру нәтижесіне әсер етпейтін техникалық ақаулар мен сайлаушылар тізіміндегі бөлек сәйкессіздіктер байқалды.

Референдум қорытындысы талассыз болып табылады және Қазақстан халқының мықты президент, ықпалды парламент пен есеп беретін үкіметі бар мемлекетті басқараудың жаңа моделін құру бағытын қолдайтынын айғақтайды.

Референдум, сондай-ақ, президент Қ.Тоқаевқа және әділ мемлекет пен Жаңа Қазақстан құру жолындағы миллиондаған қазақстандық үміт артып отырған бастамаларына деген қоғам сенімінің жоғары деңгейін көрсетті. 

Бірақ, 2022 жылдың 5 маусымында Қазақстан халқы жол ашқан мүмкіндіктердің іс жүзінде жүзеге асуы – біздің әрқайсымызға тікелей байланысты.

Барлық азаматтарды, кәсіпкерлер мен шенеуніктерді, жастар мен зейнеткерлерді, жұмысшылар мен шаруагерлерді, түрлі ұлттар мен дін өкілдерін – шын мәнінде Жаңа, әділ Қазақстанды құруға кірісуге шақырамыз.