Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Қазақстан фермерлері мемлекет басшысы ұсынған конституциялық реформаларды қолдайды

Қазақстан фермерлері қауымдастығы негізгі заң реформасын түсіндіру бойынша фермерлермен кездесулер өткізуде.

Қазақстан фермерлері мемлекет басшысы ұсынған  конституциялық реформаларды қолдайды

Бүгін, 26 мамырда Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Сабынды ауылында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, референдумды қоғамдық қолдау республикалық штабының қатысушылары конституциялық реформаны түсіндіру бойынша Қазақстан фермерлері қауымдастығының өкілдерімен кездесті.

Іс-шараны Ақмола облысының референдумды қолдау жөніндегі қоғамдық штабы ұйымдастырды. Жиналыстың модераторы Қазақстан фермерлері қауымдастығының Басқарма Төрағасы Жигули Дайрабаев болды.

Жигули Дайрабаев кездесу басында алдағы референдумға шығарылып отырған реформалық өзгерістерге тоқтала кетіп, содан соң қатысушыларды осы референдумға қатысты Қазақстан фермерлері қауымдастығының үндеуімен таныстырып өтті.

Кездесуге қатысушылар Мемлекет басшысының бастамаларын талқылап, жүргізіліп жатқан Конституциялық реформаларға қолдау білдірді.

Атап айтқанда, кездесуде сөйлеген Қараегін ауылының тұрғыны Мұрат Садыкенов, «Сабынды» ШҚ басшысы Болат Бекежанов, «Қалқаман» ШҚ басшысы Қайрат Жұмабаев, «Алға» ЖК басшысы Ләззат Әбілдинова қатысушыларды реформаларды қолдап, референдумға бір адамдай жұмылып қатысуға шақырды.

Естеріңізге сала кетейік, Конституциялық реформаны Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынды. Реформа қолданыстағы саяси модельді түбегейлі өзгертуді, билік тармақтарының өзара қарым-қатынасының оңтайлы теңгерімін қалыптастыруды, мемлекет пен қоғамның тиімді диалогын құруды көздейді.

Конституциялық реформа – бұл халықтың сұранысы мен ұсыныстарына негізделген президенттік саяси реформалар бағдарламасын жүзеге асыру.

Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу туралы Референдум 2022 жылғы 5 маусымда өтеді.