Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Көкшетау тұрғынынан "дуаны қайтару" үшін 633 мың теңге алынған

Жәбірленуші күдіктімен әлеуметтік желі арқылы танысқан. Себебі, күдікті онда сиқырлы қызмет көрсетуге арналған жарнама орналастырған екен.

Көкшетау тұрғынынан "дуаны қайтару" үшін 633 мың теңге алынған
фото: ашық дереккөз

Көкшетау қаласының 26 жастағы тұрғыны полицияға Кристина есімді әйелдің анасына тиесілі 600 мың теңгеден астам ақшаны алдап қолды еткені туралы шағымданған, деп хабарлады paryz.kz, Ақмола облысының ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жәбірленуші күдіктімен әлеуметтік желі арқылы танысқан. Себебі, күдікті онда сиқырлы қызмет көрсетуге арналған жарнама орналастырған екен. "Дуаны кетіргені" және басқа да ырым-жоралғыларды жасағаны үшін жәбірленуші күдіктіге 333 мың теңге және 300 мың теңге сомасындағы алтын бұйымдарын тапсырған.

"Қазір Макинск қаласының 34 жастағы тұрғыны анықталып, жасаған ісін мойындады. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 190-бабының 1-бөлігі ("Алаяқтық") бойынша сотқа дейінгі өндіріс басталды", - деп хабарланды департаменттен.