Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Елімізде жолдағы әр бағанға камера орнатылуы мүмкін

Егер ұсыныс қолдау тауып, жүйе іске қосылса жүргізушілер күн сайын айыппұл арқалауы мүмкін.

Елімізде жолдағы әр бағанға камера орнатылуы мүмкін
фото: mapcam.info

"Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы" РМК басшысы Замир Сағыновтың айтуынша, Қазақстанда тіркелетін жол апаттарының көбі жылдамдықты асыру салдарынан болады. Ол аталған мәселені шешу үшін көлік жүретін жолдардың бәріне полиция базасымен біріккен камералар орнатып, заңға "орташа жылдамдық" түсінігін енгізуді ұсынды, деп хабарлады paryz.kz, Kolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Шендінің пікірімен ресейлік әріптестері де келісті. "Садко" кешенін өндіретін компанияның директоры Александр Колесников жол ережесін автоматты тіркейтін құрылғыларды дамытудағы мақсат – кез келген ереже бұзушыны жауапқа тарту арқылы жүргізушілерді тәртіпке үйрету деп түсіндірді. Оның сөзінше, камера жолдағы әр бағанға қойылуы тиіс.

Айта кетерлігі, қазіргі камералардың сапасы артып, көлік нөмірін ғана емес, белдік тақпау не рөлде отырып телефонмен сөйлесу сынды салондағы ереже бұзу сәттерін тіркейтін деңгейге жетті. "Технологии распознавания" компаниясының өкілі Сергей Кусов жолдағы камералар шам, алдыңғы әйнек пен нөмір жазылған тақтайшадан да ақпарат ала алатынын айтады. Алдыңғы әйнекке зер салсақ, салонда кім отырғанын, жүргізушінің қолында телефонның бар-жоғын және рөлдегі адамның қайда қарап отырғанын түсінуге болады.

Егер ұсыныс қолдау тауып, жүйе іске қосылса жүргізушілер күн сайын айыппұл арқалауы мүмкін.

Камера не радар көмегімен елде толықтай әділеттілік орнайды деп айту қиын, әрине. Жауаптан қашу үшін небір құйтырқы әрекеттерге барып жатқандар аз емес. Алайда, бақылауды күшейтудегі негізгі мақсат – жүргізушілердің жол ережесін бұзуын азайту. Оған қоса, айыппұлдан түскен ақшамен қазынаның толығуы биліктің осы бағытта қарқынды әрекет етуіне ықпал етеді.