"Өзбек, қырғыз, әзербайжандар істеп жүргенде күніне 5 мың теңгеден алатын. Ол кезде қазақ жұмысшылар керек емес еді. Өйткені, олар ол бағамен жұмыс істегісі келмейді", – дейді бригадир Данабек Тағаев.
Қара жұмыс істейтін жұмысшылардың жоқтығынан кәсіпкерлер жұмысшы таппай отыр. Еуразия бірінші арнасының зерттеуінше, пандемия басталғанда қырғыз, тәжік, өзбек азаматтары өз еліне қайтты, деп хабарлады paryz.kz.
"Қазақстан азаматтары қара жұмыс істейтін болса да бағасын тым өсіріп айтады. Үлкен жалақымен істегеннен кейін ол продукцияның бағасы өсіп кетеді. Ол продукцияны біз сата алмаймыз", – деген уәж айтты Марат атты кәсіпкер.
Ал бригадир Данабек Тағаев: "Бұрын өзбек, қырғыз, әзербайжандар істеп жүргенде күніне 5 мың теңгеден алатын. Ол кезде қазақ жұмысшылар керек емес еді. Өйткені, олар ол бағамен істегісі келмейді. Қазір шетелдіктер кеткелі біз күніне ең төменгісі 7,5 мың және 9,5 мыңнан беріп жатырмыз", – дейді.
Бұл мәселеге қатысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты Көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Ерболат Абулхатин: "Шетелден келетін жұмыс күшін тарту квотасы екі есеге азайды. Биылғы белгіленген квота шеңберінде қазір 15 871 адам (шетелдік жұмыс күші) жұмыс істейді", – деп шетелдік жұмыс күшіне тәуелді екенімізді айтып отыр.
Ал Жұмыспен қамту орталығы Азаматтарды қабылдау және БАҚ жөніндегі директордың кеңесшісі Алтынай Қосыбаева: "Төтенше жағдайды жариялағаннан бастап халықты жұмыспен қамту орталығына 24 мыңнан астам азамат келіп жүгінді. Ол былтырғы жылмен салыстырғанда 43 пайызға көбейді. Орталыққа жұмыс іздеп келгендер 100 мың теңгеден жоғары жалақы сұрайды", – деп отыр.
Былтырғы жылдың алғашқы 9 айында банктер арқылы Өзбекстанға 108 миллион доллар аударылған. Ал Өзбекстандағы Қазақстан азаматтары осы уақыт аралығында елімізге небәрі 25 миллион доллар ғана жөнелтіпті. Бірақ...
Тағы оқи отырыңыз: Қазақ кәсіпкерлері шопанды шетелден іздестіріп жатыр
"Қазақтар біз беретін ақшаны місе тұтпайды, сондықтан жұмыссыз деген сияқты сөздерді қою керек. Сырттан келетіндер ешқандай салық төлеп, мемлекетімізге пайда келтірмейтін болғандықтан, арзан еңбекақыға қорықпай келісе береді. Ал біздің қазақстандықтардың ондай ақыға қатты ынтызарлығының болмауы – бірінші кезекте өздерінің құнын білетіндіктерінен", - дейді экономист Бауыржан Ысқақ.