Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Жоғарғы сот судьялары "СҚ-Фармация" ЖШС төрағасынан аз айлық алады

Аудандық сот судьясының айлығы еңбек өтіліне байланысты, орташа 400-500 мың теңге. Ал облыстық сот судьяларының айлығы – 600-700 мың теңге...

Жоғарғы сот судьялары "СҚ-Фармация" ЖШС төрағасынан аз айлық алады
фото: matritca.kz

Жоғарғы соттың баспасөз хатшысы Айдос Сәдуақасов елімізде жұмыс істеп жатқан 2400 судьяның қанша айлық алатынын жария етті, деп хабарлады paryz.kz.

"Жалақысына байланысты ешқандай құпия жоқ. Аудандық сот судьясының айлығы еңбек өтіліне байланысты, орташа 400-500 мың теңгені құрайды. Ал облыстық сот судьяларының айлығы – 600-700 мың теңге. Жоғарғы сот судьялары 800-900 мың теңге алады. Жалақы мөлшері судьяның еңбек өтіліне байланысты болатынын түсінулеріңіз керек", - деді ол.

Дегенмен, ағаш балға ұстаған ағайын атышулы "СҚ-Фармация" ЖШС басқарма төрағасынан аз айлық алады екен. Мәселен, бұған дейін аталған мекеменің басшысы Ерхат Есқалиев өзінің айлық табысы 1 млн 300 мың теңге екенін айтқан болатын. Ал орынбасары 900 мың теңге жалақы алатын көрінеді. Яғни, орынбасардың өзінікі Жоғарғы соттың еңбек өтілі ескерілген, елеулі судьяларынікімен бірдей.