Франция мен Италияда үйлер мен көпірлер су астында қалды

Табиғи апат салдарынан кем дегенде 4 адам құрбан болды.

Франция мен Италияда үйлер мен көпірлер су астында қалды

Францияның оңтүстігі мен Италияның солтүстігінде су тасқыны салдарынан 4 адам құрбан болды, деп хабарлады paryz.kzEuronews-ке сілтеме жасап.

Құтқарушылар із-түссіз жоғалған ондаған адамды іздестіріп жатыр. Іздеу жұмыстарына әскери қызметкерлер, өрт сөндірушілер жұмылдырылған. Франция билігі көмек ретінде төрт тікұшақ жіберді.

Италияның Пьемонт және Лигурия аймақтарының билігі үкіметтен төтенше жағдай режимін енгізуді сұрап отыр.

Жұма күні Франция мен Италияны «Алекс» дауылы жайпап өтті. Су ағыны үйлер мен көпірлерді шайып кетті. Қазіргі кезде құтқарушылар бар мүлкінен айырылған адамдарға көмек көрсетуге әрекеттеніп жатыр. Көкшіл жағалауда небәрі жарты күн ішінде жартыжылдық уақытқа татитын жауын-шашын нормасы (500 миллиметр) түскен.

Франция премьер-министрі Жан Кастекстің айтуынша, елде осындай жаңбыр ешқашан жауған емес.