СҚО-да сүт таситын көлік полиция ғимаратын бұзып кірді

Зардап шеккендер жоқ. Жүргізуші сау болған.

СҚО-да сүт таситын көлік полиция ғимаратын бұзып кірді
фото: polisia.kz

Солтүстік Қазақстан облысында сүт таситын ауыр жүк көлігі полиция бөлімшесі ғимаратын қиратты деп хабарлайды Paryz.kz

Апат 23 шілдеде, яғни бүгін таңертең болған.

Мамлют тас жолында Мағжан Жұмабаев ауданының 64 жастағы тұрғыны тізгінеген КамАЗ көлігі "Западный" бақылау пунктінің ғимаратына соғылып, айтарлықтай материалдық шығын келтірді, деп хабарлады облыстық полиция.

Бақылау пункті жұмыс істемей тұрған.

Зардап шеккендер жоқ. Жүргізуші сау болған.

Жүргізушіге қатысты жол-көлік оқиғасы фактісі сәйкес, ҚР Әкімшілік кодексінің 610-бабының 1-бөлігі, "Көлік құралдары жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзуы, адам денсаулығына, көлік құралдарына немесе басқа мүлікке зиян келтіруі" бойынша хаттама толтырылды, - делінген хабарламада.