СҚО-да 67 жастағы балықшыны бұқа сүзіп өлтірген

Өкініштісі, жарақат алған зейнеткер аудандық ауруханада қайтыс болған.

СҚО-да 67 жастағы балықшыны бұқа сүзіп өлтірген
фото: дереккөз

Солтүстік Қазақстан облысында бір күнде үй жануарлары себепкер болған жазатайым оқиға тіркелді деп хабарлайды Paryz.kz, Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақжар ауданында симменталь тұқымды бұқа өзен маңында балық аулап отырған 67 жастағы балықшыға шабуыл жасаған. Оқыс оқиғаны бақташы байқап қалған. Ол бұқа сүзіп тастаған қарияны тауып, ауылға хабар берген. Өкініштісі, жарақат алған зейнеткер аудандық ауруханада қайтыс болған. Қазіргі таңда аталған екі факті бойынша жергілікті полиция бөлімдерінің қызметкерлері сараптама тағайындап, тексеру жұмыстарын жүргізуде. Ведомство өкілдері осы арқылы екі оқиғада да қылмыстық сипаттың бар-жоқтығын анықтаймыз дейді.

Сонымен бірге тәртіп сақшылары Ақжар ауданында болған оқиғадан кейін далада қараусыз жүрген малдың қаншалықты қауіпті болуы мүмкін екенін айтады. Ал сол күні мал баққан бақташы оқиға үшін айыппұл төлеген.