Теміртауда бірнеше жігіт көшеде пышақтасып қалды (ВИДЕО)

Оқиға орнындағы видео әлеуметтік желіде тарап кетті.

Теміртауда бірнеше жігіт көшеде пышақтасып қалды (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Теміртауда бірнеше ер адам көшеде төбелесті. Оқиға балалар мен жасөспірімдердің көзінше болған деп хабарлайды Paryz.kz

Оқиға Теміртаудағы шағын аудандардың бірінде болған және бақылау камераларына түсіп қалған. Видеода екі ер адам алдымен көшеде төбелесіп, артынша тағы бірнеше ер адам қосылғаны көрсетілген. 

Олардың біреуі қолына пышақ алған. Артынша ер адамдар тұрақта тұрған көлікке отырып, кетіп қалған. Мұның бәрі балалар мен жасөспірімдердің көзінше болған. Екі бала жарақат алған ер адам келген.  

Оқиға орнындағы видео әлеуметтік желіде тарап кетті. Қарағанды облыстық Полиция департаменті видеоны зерттеп, оған қатысты пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, төбелескен ер адамдар анықталған. 

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді. Барлық ер адам анықталды. Бүгінде соталды тергеу жүріп жатыр, - деді ПД баспасөз қызметінің өкілдері.