Мәскеуде қазақстандық қыз зәулім ғимараттың 86-қабатынан құлап кетті

Қайғылы оқиға 11 маусымда Мәскеу уақытымен 16:55-те болған.

Мәскеуде қазақстандық қыз зәулім ғимараттың 86-қабатынан құлап кетті
фото: ТАСС

Мәскеудегі зәулім ғимараттың 86-қабатынан құлаған қазақстандық қыз қаза болды. Мәскеудегі Тергеу комитеті қайғылы оқиғаға қатысты тергеуді бастады, деп хабарлады Paryz.kz, РЕН ТВ-ға сілтеме жасап. 

БАҚ-тың хабарлауынша, қыздың есімі Диана Белорукова.  Ол "Мәскеу-сити" кешенінің "Око" мұнарасының жан-жақты көруге арналған алаңынан құлаған. Келеңсіз жағдайдың себебін Мәскеу Тергеу комитеті анықтайды.

Қайғылы оқиға 11 маусымда Мәскеу уақытымен 16:55-те болған.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын мәлімдеді. Сондай-ақ марқұм Қазақстан азаматы ма, жоқ па, ол да тексеріліп жатыр.