СҚО-да ер адам үйінде тірідей жанып кетті

Өкініштісі, жалғыз тұратын азаматтың баспанасынан осыдан екі апта бұрын өрт шыққан. Сол кезде тілсіз жауды сөндірген мамандар оған абай болуын айтып, ескерту жасапты...

СҚО-да ер адам үйінде тірідей жанып кетті
фото: ашық дереккөз

Солтүстік Қазақстан облысында өрттен бір адам қаза тапты. Қайғылы жағдай Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласында болған деп хабарлайды Paryz.kz.

Төтенше жағдайлар қызметкерлерінің айтуынша, 49 жастағы ер адам үйінде жанып кеткен. Өкініштісі, жалғыз тұратын азаматтың баспанасынан осыдан екі апта бұрын өрт шыққан. Сол кезде тілсіз жауды сөндірген мамандар оған абай болуын айтып, ескерту жасапты. Алайда осыған қарамастан жағдай тағы да қайталанып отыр. Бұл жолы оқиға қайғылы аяқталған.

"Үйдің шатыры болмаған. Себебі осыдан екі апта бұрын өрт болып, өшіргенбіз. Тұрғындарға, соның ішінде осы марқұмға да қауіпсіздік шаралары бір адамдай айтылған. Бірақ немқұрайлықтың салдары қайғылы аяқталып отыр. Өрттің шығуына отты бей-берекет пайдалануы себеп болған", - деді ТЖД Өртті бақылау басқармасының басшысы Дмитрий Растихин.