Оралда жаңбырдан соң тұрғын үйлерді су басып қалды

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда найзағай түсіп, гараж бен автокөлік өртеніп кеткен, қатты жел ғимараттың шатырын жұлып әкеткен.

Оралда жаңбырдан соң тұрғын үйлерді су басып қалды
фото: ашық дереккөз

Оралда нөсер жауыннан кейін 7 жеке тұрғын үйді су басып қалған деп хабарлайды Paryz.kz

БҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, 3 маусым күнгі сағат 21.00-ден бүгін таңғы сағат 07.00-ге дейін, оған қоса 40-тан астам тұрғын үйдің аула аумағын, 7 әлеуметтік нысанның жертөлесін су алып кеткен. Бүгін сағат 09.00-ге дейін ТЖД және жергілікті атқарушы органның күшімен 2045 текше метр су сорылған. 125 қызметкер, 45 техника мен 17 мотопомпамен жұмыс істеп жатыр. Бүгін сағат 02.00-де «Батыс су арнасы» ЖШС №3 кәріз-сорғы стансасында апатты жағдай болып, сағат 03.00-ден бастап Орал қаласында салқын су беру тоқтатылған. Осы мекеменің бригадасы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын атқарып, қазіргі кезде су беріліпті. Сонымен қатар кеше кештен бастап жауған жаңбырдың салдарынан қаланың біраз бөлігі электр жарығынсыз қалған.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда найзағай түсіп, гараж бен автокөлік өртеніп кеткен, қатты жел ғимараттың шатырын жұлып әкеткен.