5-сыныпты бүгін бітіруі тиіс болған оқушы көпқабатты үйдің төбесінен құлап кетті

Нысан бала тұрған үйге қарсы орналасқан.

5-сыныпты бүгін бітіруі тиіс болған оқушы көпқабатты үйдің төбесінен құлап кетті
Фото: ашық дереккөз

Қайғылы оқиға Талғар ауданына қарасты Бесағаш ауылында болған. Оқушы бала «Нұрия» тұрғын үй кешенінің 9 қабатынан құлап кеткен. Марқұм құрылысы толық аяқталмаған көпқабатты үйдің төбесіне шығып ойнаған, деп хабарлады Paryz.kz.

11 жастағы бала 5-сыныпты бүгін бітіруі тиіс болған. Ол екі қызбен бірге құрылысы аяқталмаған ғимараттың төбесіне шығып ойнапты. Нысан бала тұрған үйге қарсы орналасқан.

«Екі қабырғаның арасында саңылау жұқа қаңылтырмен жабылған. Қабырғалар арасындағы қашықтық шамамен 20-30 см және осы параққа басып, бала үйлер арасындағы саңылауға түсіп кеткен», - деді Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Оқиға кеше 24 мамыр күні күндіз болған. Куәгерлердің сөзінше бала арматураға қадалып қалған көрінеді. Аудан әкімі Қайдар Абдыханов оқиға орнына барып, тиісті қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуді тапсырды. Қайғылы жағдай бойынша тексеріс басталды.