Алматыда қоғамдық көлік толықтай жанып кетті (ВИДЕО)

Сағат 11:22-де ЛиАЗ маркалы автобустан шыққан өрт сөндірілген.

Алматыда қоғамдық көлік толықтай жанып кетті (ВИДЕО)
Фото: дереккөз

20 сәуір сағат 11:00 шамасында куәгерлер Алатау ауданы Қожаханов көшесіндегі Әйгерім-2 шағын ауданында жолаушылар автобусы өртеніп жатқанын хабарлаған, деп жазады Paryz.kz.

Алматы қалалық ТЖД өкілдерінің мәліметінше, автобус ішінде жолаушылар болмаған. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Сағат 11:22-де ЛиАЗ маркалы автобустан шыққан өрт сөндірілген. Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр.