Қорғаныс министрлігінің әскери ұшағы апатқа ұшырады

Министрлік өкілдері экипаж мүшелерінің аман екенін атап өтті.

Қорғаныс министрлігінің әскери ұшағы апатқа ұшырады
Фото: ашық дереккөз

Қорғаныс министрлігіне қарасты Су-30 ұшағы Қарағанды ​​облысының аумағында апатқа ұшырады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға

Қорғаныс министрлігінің Су-30 ұшағы Қарағанды ​​облысында құлады.

«Ұшақ апатының болғанын растаймыз және толыққанды ақпараттар жинақталып жатыр. СУ-30 ұшағы құлағаны белгілі. Өзге жағдайлар анықталған соң, тиісті хабарлама жасайтын боламыз», – деп түсіндірді Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Министрлік өкілдері экипаж мүшелерінің аман екенін атап өтті.

Айта кетейік, Су-30 ұшағы екі орынды көпмақсатты төртінші буынды әскери ұшақ санатына жатады.