Күшігін қорғамақ болған зейнеткерді алабай қауып алды

Әйел адам оқиғадан соң ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер қарап шыққан.

Күшігін қорғамақ болған зейнеткерді алабай қауып алды
Фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтанда 71-жастағы әжені алабай қауып алды, деп жазады Paryz.kz қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға осы жылдың 9 сәуірінде Қобыланды батыр көшесінде кешкі уақытта болған. Әже полицияға келесі күні хабар берген. Тәртіп сақшыларының айтуынша, алабай күшігімен келе жатқан әжеге қарсы тұрған. Әже күшігін қорғау мақсатында алабаймен алысып, ит оны қауып алған.

Әйел адам оқиғадан соң ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер қарап шыққан. Кейін үйіне жіберілді.

"Осы оқиғаға сәйкес полиция қызметкерлері барлық үй мен подъезді аралап, алабайдың иесін іздеуге кірісті. Бейнебақылау камералары да тексеріліп жатыр. Алабай иттің иесі заң бойынша жазаға тартылады", - деп мәлімдеді ПД өкілі.