Атырауда 20 күн бұрын жоғалған тұрғын балықшылар ауына оратылып қалған

Осы уақыт ішінде оны құтқарушылар, кинологтар мен еріктілер іздеумен болды...

Атырауда 20 күн бұрын жоғалған тұрғын балықшылар ауына оратылып қалған
фото: ашық дереккөз

Атырау облысында із-түзсіз жоғалған Тыныштық Оразғалиевтің денесі табылды, деп хабарлады paryz.kz, ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нақты айтқанда, 20 күн бұрын жоғалып кеткен Атырау қаласының тұрғыны, 53 жастағы Тыныштық Оразғалиевтің денесі 26 наурыз күні кешкі сағат 20:00 шамасында Жайық өзенінен табылған. Туыстарының айтуынша, ол балықшылар ауына оратылып қалған. Қазір сараптама жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, 6 наурызда Тыныштық Оразғалиев үйден жұмысқа шығып, сол күйі жоғалып кеткен. Осы уақыт ішінде оны құтқарушылар, кинологтар мен еріктілер іздеумен болды.