Жезқазғанда 2 жүк пойызы соқтығысып қалды

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Төтенше жағдайдың мән-жайы мен себептері анықталуда.

Жезқазғанда 2 жүк пойызы соқтығысып қалды
фото: ашық дереккөз

Жезқазған қаласының Комбинатская станциясында екі жүк пойызы соқтығысты. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлады ҚазАқпарат.

"Оқиға 23 наурыз күні сағат 11:15-те болған. "Tranco JEZZ" ЖШС-інде (Транко Жез), Комбинатская станциясына келіп жеткен жүк тиелген 17 думпкар мен Комбинатская станциясында тұрған жүк тиелген 20 думпкар пойызы соқтығысқан. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Төтенше жағдайдың мән-жайы мен себептері анықталуда", - деп хабарлады Жезқазған қалалық ТЖБ.

Алдын ала мәліметтер бойынша, тепловоздардың бірінде тежегіш жүйесі істен шыққан.