21.03.2021, 17:20

Елордада шатырдан құлаған қар 5 көлікті жапырып тастады (ВИДЕО)

фото: altaynews.kz

Белгілі болғандай, ғимарат шатырынан көлемді қар үйіндісі түнгі уақытта құлапты...

Бүгін Іnstagram желісіндегі astana_sergek парақшасына шатырдан құлаған қардың бірнеше көлікті басып қалған видеосы жарияланды, деп хабарлады paryz.kz.

Оқиға орнынан бір емес, бірнеше видео түсірілген. Белгілі болғандай, ғимарат шатырынан көлемді қар үйіндісі түнгі уақытта құлапты. Ал күндізгі уақытта түсірілген видеода автор 5 көліктің қар астында қалғанын айтады.

Видеодан автокөліктердің сау-тамтығы қалмағанын байқауға болады.