Ақтауда мал базарындағы төбелес салдарынан бір адам зардап шекті

"Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері төбелеске қатысқандардың барлығын полиция бөлімшесіне жеткізді", - деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.

Ақтауда мал базарындағы төбелес салдарынан бір адам зардап шекті
Дереккөз: lada.kz

Ақтауда мал базарында екі ер адамның арасында кикілжің туып, оның соңы төбелеске ұласқан. Соның салдарынан бір адам зардап шеккен, деп хабарлады paryz.kz, Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, Ақтаудағы мал базарында төбелеске қатысқандардың ұсталғандығы туралы ақпарат бүгін Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Instagram-дағы парақшасында жарияланған.

"Екі ер адам арасындағы түсініспеушіліктің соңы төбелеске ұласқан. Салдарынан төбелеске қатысушылардың бірін Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізген. Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері төбелеске қатысқандардың барлығын полиция бөлімшесіне жеткізді", - деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.

Аталған факт бүгінде ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша өңірдің Полиция департаментінің сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде тіркелген.

"Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Төбелес қатысушылары өңірден басқа аймақтарға шықпау туралы қолхатпен босатылды", - деп жазылған хабарламада.