Қызылордада 22 жастағы қыз балконнан секіріп кетті

"Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", - деді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қызылордада 22 жастағы қыз балконнан секіріп кетті
фото: ашық дереккөз

Қызылордада көп қабатты үйдің балконынан секіріп кеткен 21 жастағы азаматша аурухананың жан сақтау бөліміне жатқызылды, деп хабарлады paryz.kz.

Бұл туралы Қызылорда қалалық Полиция басқармасына хабарлама келіп түскен. Онда 1999 жылғы бойжеткеннің көп қабатты үйдің балконынан секіріп кеткені айтылған.

"Облыс орталығының 22 жастағы тұрғыны медициналық мекеменің жансақтау бөліміне жатқызылды. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 105-бабының 1-бөлігімен ("Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу") сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", - деді Қызылорда облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.