Қостанай облысында жыл басынан бері 130-дан астам өрт тіркелген

Алдыңғы жылы осы уақытта 128 өрт болған.

Қостанай облысында жыл басынан бері 130-дан астам өрт тіркелген
фото: ашық дереккөз

Жыл басынан бері өңірде 14 адам өрт құрбаны болды, барлығы 130-дан астам өрт оқиғасы тіркелген, деп хабарлады paryz.kz.

Облыстық ТЖД хабарлауынша, жыл басынан бері 135 өрт оқиғасы тіркелген. Алдыңғы жылы осы уақытта 128 өрт болған.

"Осылайша, өсім 5%-ды көрсетті. Өрт салдарынан 14 адам қаза тапқан. Алдыңғы жылы құрбандар саны 11 болған, өсім – 27%", - деп мәлімдеді ведомстводан.

Өрт көбінесе жеке үй секторында көп шығады. Бұндай 98 оқиға тіркелген. Жылу беру маусымында жеке секторда өрт және газдан улану қатері арта түседі. Өрт қауіпсіздігі ережесінің сақталуына азаматтар аса мән бермейді. Сол себепті, көп жағдайда өрт түрлі электр жабдығын және электр желісін пайдалану ережесін сақтамау, электр жылыту құрылғысының ақауынан болады. Сонымен қатар өрт және оның зардаптарының алдын алу үшін құтқарушылар пештерді тексеріп, ақауды жөндеп отыру керек екендігін ескертеді.

"Түтін мұржасы, құдығы өтетін қабырғаларды әктеп отыру керек. Сонымен қоса, пеш пен мұржаны күл мен күйеден тазартып отыру маңызды. Мұржа мен пешті жылу беру маусымында тазартып отырған жөн: жылыту пештері үшін 3 айда 1 рет, үздіксіз жанатын пештер мен ошақтар үшін 2 айда 1 рет", - деді ТЖД өкілдері.