Нұр-Сұлтанда 8 наурызбен құттықтауға барған ер адам әйелді тонап кетті

Күдікті ретінде ұсталған азаматтың кетерінде үстел үстінде тұрған Apple Watch сағатын алып кетіп, кейіннен оны ломбардқа өткізгені анықталып отыр.

Нұр-Сұлтанда 8 наурызбен құттықтауға барған ер адам әйелді тонап кетті
фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны мереке қарсаңында танысын үйіне құттықтай барып, оның қымбат сағатын ұрлап кетті, деп хабарлады paryz.kz, polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицейлер жедел іздестіру шарасын жүргізу нәтижесінде, қымбат смарт-сағатты ұрлады деген күдікпен 31 жастағы қала тұрғынын ұстады. Ер адам танысының үйіне қонаққа барғаннан кейін әйелдің үйіндегі сағат жоғалып кетеді.

Күдікті ретінде ұсталған азаматтың кетерінде үстел үстінде тұрған Apple Watch сағатын алып кетіп, кейіннен оны ломбардқа өткізгені анықталып отыр. Қолды болған затты полицейлер тәркілеп, иесіне қайтарып берді.

Бүгінде аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті өзінің заңсыз әрекетін мойындап отыр. Тәртіп сақшылары оның өзге де қылмысқа қатыстылығын тексеруде.